Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

25-ші ақпаннан бастап 2019 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясына ие болғысы келетін үміткерлердің құжатын қабылдау басталды. Конкурсқа қатысуға ниетті жандар 31-ші тамызға дейін құжатын өткізе алады. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығының» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл шәкіртақы магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бойынша тағайындалады. Құжат қабылдау 31-ші тамызға дейін жалғасады. Ал конкурс 6-наурыздан 29-қараша аралығында өтеді. Биыл 69 мамандық бойынша шәкіртақы тағайындалмақ. Университеттер тізімі болса, www.bolashak.gov.kz ресми сайтында жарияланады. «Болашақ» бағдарламасына құжаттар тапсыру да қиын емес, республиканың кез келген аймағындағы халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе egov.kz сайты арқылы онлайн тапсыра аласыздар.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала