Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

БҮГІН «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЪЕЗІ ӨТЕДІ

Бүгін сәрсенбінің сәті күні яғни 27-ші ақпан күні «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтеді. Бас партияның 20 жылдығына орай ұйымдастырылған жиында партиялық органдардың есебі тыңдалып, «Нұр Отанның» 2030 жылға дейінгі жаңа Бағдарламасы талқыланады. Сонымен қатар, саяси ұйымның Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, партия Саяси кеңесінің құрамы жаңартылады.

Президент Үкіметті отставкаға жіберуге қатысты арнайы мәлімдемесінде Үкіметтің жаңа басшылығы өмір сүру деңгейін арттыруға, экономиканы ынталандыруға, стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нақты шаралар әзірлеуге тиіс екенін нығарлай келе былай деген болатын:

«Мен «Нұр Отан» партиясының жақында өтетін съезінде әлеуметтік қолдауды күшейтуге және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға арналған бірқатар шаралар ұсынамын. Осы мақсатпен бюджеттен және Ұлттық қордан қомақты қаржы бөлінетін болады.

Бұл қаражат мынадай міндеттерді шешуге бағытталады:

- аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету ісін күшейту.

- халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының баспана жағдайын жақсарту мүмкіндіктерін арттыру.

- өңірлерді дамыту саясатын түбегейлі өзгерту.

Үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысы осы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталуы тиіс.

Үкімет пен өңірлердің иелігіндегі қаражат көзделген мақсатқа сай жұмсалмай отыр. Мұның бәріне бақылау орнатылады. Осы тақырыптар жөнінде «Нұр Отан» партиясының съезінде толығырақ айтылатын болады».

Демек, бұл жолғы билік партиясы құрылтайында жаңа үкіметке қандай міндеттер жүктелетінін көріп, «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейін арналған жаңа бағдарламасының мазмұнымен танысамыз. Қалай болғанда да, әлеуметтік салаға басымдық берілетіні сөзсіз.

 

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала