Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

МАМИН ҮКІМЕТІНІҢ МІНДЕТІ НЕ?

Асқар Маминнің кабинеті толық жасақталып болды. Бүгін Үкімет үйінде жаңа Премьер-Министр Асқар Мамин Үкіметтің жаңа құрамдағы алғашқы ұйымдастыру отырысын өткізіп, «біздің құрам айқын нәтижелерге бағдар алған нақты істер Үкіметіне айналуы тиіс», -деді. Бұл туралы Премьер-Министрдің сайтында жазылды.

 

Мамин Үкіметтің жаңа құрамы Мемлекет басшысының жоғары сенімін ақтауы керектігін айрықша айтты. Президент Үкімет алдына халықтың табысы мен тұрмыс деңгейін арттыру, экономиканы одан әрі әртараптандыру, тиімді жаңа жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша бірінші кезектегі міндеттерді қойып отырғаны белгілі. «Халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал ететін нақты нәтижелер алуымыз керек», — деді Премьер-Министр. Ертең «Нұр Отан» партиясының съезінде Үкіметке біраз міндет жүктелері сөзсіз.   

Отырыс соңында «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңды орындау үшін Үкімет құрамына алғаш кіргендердің: білім және ғылым министрі К. Шәмшидинованың, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Склярдың, ұлттық экономика министрі Р. Дәленовтың ант беру рәсімі өтті.

Мамин үкіметіне жүктелер жауапкершілік өте зор. Экономикалық өсімді тұрақты ұстау, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен көлеңкелі экономикамен күрес, цифрландыруды арттыру мен ауыл шаруашылығы саласын дамыту болса, болмасын негізгі міндеттер. Ең бастысы - соңғы жылдары қоғамда қордаланған мәселелерді жедел шешу керек. Әсіресе, әлеуметтік салада дүмпу туғызған және туғызуы мүмкін проблемаларды дереу реттеп, әлеуметтік саясатқа заманға сай өзгерістер енгізуі тиіс.   

Сонымен, Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бекітілген кезекті Үкімет құрамының тізімі мынадай болды:

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі —  Асқар Ұзақбайұлы Мамин;

 

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі — Әлихан Асханұлы Смайылов;

Премьер-Министрдің орынбасары — Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова;

Премьер-Министрдің орынбасары — Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек;

 

Білім және ғылым министрі — Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова;

Ұлттық экономика министрі — Руслан Ерболатұлы Дәленов;

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі — Роман Васильевич Скляр;

Ауыл шаруашылығы министрі — Сапархан Кесікбайұлы Омаров;

Сыртқы істер министрі — Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов;

Қорғаныс министрі — Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев;

Ішкі істер министрі — Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев;

Ақпарат және қоғамдық даму министрі —  Дәурен Әскербекұлы Абаевтың кандидатурас

Әділет министрі — Марат Бакытжанұлы Бекетаев;

Энергетика министрі — Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев;

Денсаулық сақтау министрі — Елжан Амантайұлы Біртанов;

Мәдениет және спорт министрі — Арыстанбек Мұхамедиұлы;

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі — Бердібек Машбекұлы Сапарбаев;

Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі— Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев;

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы— Ерболат Асқарбекұлы Досаев;  

Ақтөбе облысының әкімі— Оңдасын Сейілұлы Оразалин.

 

Фото: primeminister.kz

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала