Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ШЕТЕЛДЕГІ ҚАНДАСТАРДЫҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ АЛУЫНА ҚОЛДАУ ЖАСАЛАДЫ

Бүгін «Отандастар» Қоры бірінші вице-президенті Талғат Адуов пен Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Жанболат Мелдешов кездесті. Тараптар білім саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі ақпарат таратты.

ДИДАР БОЛАТ – «ОТАНДАСТАР» ҚОРЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:  «Болашақ» – студент жастарды Қазақстанға және керісінше Қазақстаннан шетелдік жоғары оқу орындарына тартатын негізгі ұйымдардың бірі. Осыны негізге ала отырып, біз күш біріктіргелі отырмыз. Мұндағы мақсат – шетелде тұратын қандастарымыздың қалауынша Қазақстанда немесе шетелдің әйгілі жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету».

Жақын күндері «Отандастар» қоры мен Халықаралық бағдарламалар орталығы өкілдерінің Моңғолия, Өзбекстан және Ресей Федерациясына бірлескен сапар жасайды.  Олар шетелдегі қандастармен, дәлірек мектеп оқушыларымен кездесіп, Қазақстанда және шетелдік жетекші жоғарғы оқу орындарында білім алу мүмкіндіктері жайлы ақпараттандыратын болады.

ДИДАР БОЛАТ – «ОТАНДАСТАР» ҚОРЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:  «Келесі айда біз Моңғолияға, 120 мыңға жуық қазақ тұратын Баян-Өлгей ауданына аттанамыз. Ондағы қандастарымыздың шамамен бір жарым мыңы - биылғы мектеп бітіруші түлектер. Яғни қазақстандық білім ордаларына түсе алатын әлеуетті студенттер. Мәселен, өткен жылы Өзбекстаннан Қазақстанда білім алуға 12 мың бала келсе, оның 5 мыңға жуығы – этникалық қазақтар. Оларға ыңғайлы тиімді жағдайдың барлығы жасалды. Ақтөбе университеті бір жыл бойы тегін оқу мүмкіндігін ұсынды. Мұндай бағдарламалар бізде көп, тек қандастарымызға ақпарат көп жағдайда жетпей жатады. Біз осы ақпараттандыру бағытында жұмыс істейтін боламыз».

«Отандастар» қоры 2017 жылы Елбасының Дүниежүзі қазақтарының V-ші құрылтайында айтқан тікелей тапсырмасымен құрылған болатын. Қор қандастарды тарихи отан төңірегінде бірлестіруді мақсат тұтады. Жұмыс жоспарындағы басым бағыттарының бірі – білім саласы.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала