Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ТҮРКІ КЕҢЕСІ БАСШЫСЫ ҚЫРҒЫЗ ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қырғыз Респубуликасының Президенті Сооранбай Жээнбеков  Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады. Бұл туралы Қырғыз республикасы президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қырғыз президенті алдымен Бағдат Құлтайұлын қазіргі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, табыс тіледі. Сосын  Сооранбай Жээнбеков  Қырғыз елі Түркі Кеңесіне төрағалық кезінде жақсы бастамаларға себеп болатын маңызды шаралар өткізуге ниетті екенін атап өтті. Экономикалық әріптестікке басымдық берілсе деген ойын ашық жеткізді. «Түркі Кеңесіне мүше елдер арасында  сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған  шараларды ұйымдастыру қажет, бизнес-форумдар өткізу мүмкіндігін қарастыру керек»,-деген ұсынысын білдірді. Ал өз кезегінде Түркі Кеңесінің Бас хатшысы былтыр жазда Түркі Кеңесі басшылары саммиті қырғыздардың төрағалығымен жоғары деңгейде өткеніне айрықша тоқталды. Сосын «Түркі Кеңесіне Қырғыз Республикасының төрағалығы кезінде бауырлас мемлекеттер арасындағы байланыстар бұдан да жоғары деңгейге көтерілеріне  сенімдімін»,-деді. Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев сондай-ақ Қырғызстанға ресми сапары барысында бұдан өзге де маңызды тұлғалармен келелі кездесулер мен кеңестер өткізіп, мемлекеттік ақпарат құралдарына сұхбат берді. Қырғыз  Респубуликасының Президенті Сооранбай Жээнбеков сонымен қатар, аталған күні Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповты та қабылдағанын айта кеткен жөн.

Суреттер: Қырғыз Республикасы Президентінің ресми сайтынан алынды

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала