Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Түркі елдерінің ақпараттық қауіпсіздік жиыны басталды

Алматы қаласында Түркі Кеңесіне мүше елдердің ақпарат және коммуникациялық технологиялар жұмыс тобының үшінші отырысы басталды. Шараға кеңеске мүше елдер Қазақстан, Қырғызстан, Түркия жəне Əзербайжанның ақпарат саласына жауапты мамандары қатысуда. Жиынды ҚР Ақпарат жəне коммуникациялар вице-министрі Дарын Тұяқов ашып берді. Түркі Кеңесі Бас хатшысының орынбасары Өмер Қожаманның төрағалығымен өтіп жатқан жиында киберқауіпсіздік, е-үкімет, TASIM жобасын жетілдіру мен ғарыш қызметтері тақырыптары талқылануда. Өмер Қожаманның айтуынша, түркітілдес елдер арасында ақпараттық ынтымақтасты арттыру мәселесін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы Астанада өткен Түркі Кеңесі басшыларының саммитінде көтерген болатын. Содан бері біраз жұмыс жасалды əрі жалғасын тауып келеді. Ертенгі жиынға Түркі Кеңесіне мүше төрт елдің ақпарат саласы министрлері мен Түркі Кеңесіңің Бас хатшысы Бағдат Əміреев сондай-ақ Мажарстан елінің ақпарат саласы өкілдері қатысады.

 

 

 

 

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала